«Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жылдың қорытындылары бойынша Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жылдың қорытындылары бойынша Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада: «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: «Міндеттері» деген жолдағы «қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімін экспорттау көлемін ұлғайту» деген жол алынып тасталсын; «Мақсатты индикаторлар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Мақсатты индикаторлар 1) 2014 жылы мұнай өндіру көлемін ұлғайту 83,0 млн. тоннаны құрайды (2009 жылмен салыстырғанда 108,4 %); 2) 2014 жылы шикі газ өндіру көлемін ұлғайту 41,0 млрд. текше м құрайды (2009 жылмен салыстырғанда 113,8 %); 3) 2014 жылы құрғақ газ экспортының көлемін 7,3 млрд. текше м ұлғайту (2009 жылмен салыстырғанда 104,2 %); 4) Каспий теңізінің қазақстандық секторының жағадағы инфрақұрылымының басым объектілерінің тізбесіне сәйкес жағадағы инфрақұрылым объектілерін салу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|