ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал); 2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО); 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 37 (отыз жеті) жұмыс күні; ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; порталға жүгінгенде - 33 (отыз үш) жұмыс күні. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы қаулы (бұдан әрі - шешім). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|