«Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ереженінің 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 15 мамырдағы № 162 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Б.Б. Атамқұловқа жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 117 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|