Борышкердің мүлкін бағалау әдістемесін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 68-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған борышкердің мүлкін бағалау әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетовке) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Э. Әзімоваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген
Борышкердің мүлкін бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Борышкердің мүлкін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 68-бабы 1-тармағына сәйкес борышкердің мүлкін бағалауды жүзеге асыру барысында сот орындаушыларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленді. 2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) бағалау - мүліктің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау; 2) бағалау әдісі - бағалау объектісінің нарықтық және өзге құнын белгілеу үшін пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы іс-қимылдар жиынтығы; 3) нарықтық құн - сатып алушылар үшін осы мүлікке қатысты барлық тиісті ақпарат берілген кезде бәсекелестік жағдайда сатуға болатын есеп айырысу сомасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|