ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген
«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті беруші әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі туралы актіні алған cәттен бастап - күнтізбелік 15 (он бес) күн; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификаты. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері қызметті алушы өзі келгенде, берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойдырып береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|