ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 644 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 202 бұйрығына 1-қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 9) тармақшасы негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін байланыс саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 158 қаулысымен бекітілген «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: Стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша (қайта ресімдеу, телнұсқа) беру; көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден Стандартың 10-тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту туралы жауап беру. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну нәтижесі нысаны: электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағымен бекітілген.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|