Осы редакция 2014 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген
Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу (2013.04.12. берілген өзгерістермен)
1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 230-бабына сәйкес әзірленген және концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру және мемлекет кепілгерліктерінің лимиті көлемін ұлғайту рәсімдерін атқару тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес концессия шартының шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз алушының қарыз беруші алдындағы борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады. Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны қамтиды. 3. Мемлекет кепілгерлігі мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерлігімен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті кезеңге тартылатын республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде конкурс ұйымдастырушысы ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекетт кепілгерлігін берумен байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келісу нәтижелері бойынша мемлекеттің кепілгерлік көлемін көрсете отырып, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігін беру мүмкін болатын концессиялық жобалар тізбесінің жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|