ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 935 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 мамырдағы № 505 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Құқықтық статистикалық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Құқықтық статистикалық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде; 2) жазбаша сұрау салуды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - құқықтық статистикалық ақпарат. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|