ҚР Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын беру (бұдан әрі - паспорт).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастамау үшін негіз болып табылады. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының 4 тармағына сәйкес, қызметтік паспортты беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады: 1) 1-ші процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі; 2) 2-ші процесс - көрсетілетін қызметті берушінің басқарушы адамның қабылданған құжаттарды қарауы; 3) 3-ші процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің паспортты жасауы; 4) 4-ші процесс - көрсетілетін қызметті алушыға паспорт беру. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады: 1) 1-ші процесс бойынша - құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою; 2) 2-ші процесс бойынша - басқарушы адамның паспортты жасау туралы қарары; 3) 3-ші процесс бойынша - паспортты беруге дайындау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|