ҚР Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдегі кемелері апатқа ұшыраған жағдайда, теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік қызмет стандартының 2-бабының 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады: 1) 1-ші процесс - қызмет көрсетушінің лауазымды тұлғасымен өтініштерді қабылдауы, тіркеуі; 2) 2-ші процесс - қызмет көрсетушінің лауазымды тұлғасымен құжаттарды тексеруі және қарастыруы, теңiз наразылығы туралы акт жасауы; 3) 3-ші процесс - көрсетілетін қызметті алушыға теңiз наразылығы туралы актіні беру. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады: 1-ші процесс бойынша - құжаттарды қабылдау туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою; 2-ші процесс бойынша - қызмет көрсетушінің лауазымды тұлғасымен теңіз наразылығы туралы актіге қол қоюы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|