Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуір № 111 қаулысымен бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 357 Қаулысымен күші жойылды
«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға (алушыларға) оралман куәлігін (куәліктерін) беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме - Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен бірге өтініш болып табылады (бұдан әрі - құжаттар топтамасы). 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды және өтінішті тіркеу туралы хабарлама немесе өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беруді жүзеге асырады (30 минут). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|