ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1353 Қаулысымен келісім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы (2014.19.12. берілген өзгерістермен)
ҚР 2015 жылғы 1 қазандағы № 353-V Заңымен ратификацияланды 2016 жылғы 27 тамызда күшіне енді
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - «Үкімет») және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі - «ДДҰ») ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықты бекітіп беруге және кеңейтуге ниет білдіре отырып, денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну бойынша, атап айтқанда, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту саласындағы жұмысты күшейту мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады: i. «ДДҰ» - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы; ii. «ДДҰ ЕӨБ» - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы; iii. «ГҚО» - Географиялық жағынан қашық орналасқан офис; iv. «МСАК» - медициналық-санитариялық алғашқы көмек; v. «Іссапардағы сарапшылар» - ДДҰ-ның атынан және соның тапсырмасы бойынша қызметтік іссапардағы, ДДҰ-ның лауазымды адамдарынан басқа адамдар; vi. «МСАК жөніндегі ГҚО басшысы» - Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисті басқаратын ДДҰ-ның лауазымды тұлғасы, ал ол болмаған жағдайда - оның тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілі; vii. «Қызметтік үй-жайлар» - МСАК жөніндегі ГҚО орналасатын барлық қызметтік үй-жайлар; viii. «Бағдарламалық шығыстар» - МСАК жөніндегі ГҚО қызметін жүзеге асыруға байланысты шығыстар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|