ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 116 бұйрығының 1- қосымша
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық); 3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|