ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 144 бұйрығына 2-қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес маман сертификаты (бұдан әрі - сертификат).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін
4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің болуы немесе қызмет алушының электрондық сұратуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процесті (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы: 1) Көрсетілетін қызметті беруші: кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдау және порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) береді - орындау уақыты 20 (жиырма) минут; басшы орындаушыны айқындайды - орындау уақыты 2 (екі) сағат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|