Алматы қаласы әкімдігінің 2015.05.05. № 2/279 Қаулысымен күші жойылды Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/338 қаулысымен бекітілген
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2014.17.10. берілген толықтырулармен)
1. Мемлекеттік қызметті Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы № 142 қаулысымен бекітілген «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелі жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, лицензия басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі стандарттың 4 тармағында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі стандарттың 9 тармағында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін стандарттың 7 тармағына сәйкес лицензиялық алым алынады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|