Қостанай ауданы Мичурин селолық округі аумағындағы туристік қызметтердің спорттық-сауықтыру кешені құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қостанай ауданы Мичурин селолық округі аумағындағы туристік қызметтердің спорттық-сауықтыру кешені құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі және олардың шаруашылық пайдалану тәртібі белгіленсін. Су қорғау аймағының ені 1000 метр, Тобыл өзені су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 1214.19 метр, ұзындығы 70 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 7,0 гектарды құрайды. Су қорғау аймағы шегінде 170 метр ұзындықта оның барлық қашықтығындағы ені 20 метр су қорғау белдеуі бөлінген. Тобыл өзені су қорғау белдеуінің ішкі шекарасы судың көп жылдық сабалық деңгейінде кемер бойынша анықталған және 0,34 гектар су қорғау белдеуінің жалпы ауданымен 124,19 метр белгісіне сәйкес келеді. Су қорғау аймағы мен белдеудің шекарасы топографиялық жоспарда 1:500 масштабында салынған. 2. Қосымшаға сәйкес су қорғау аймағы аймағында шаруашылық пайдаланудың арнайы тәртібі және Тобыл өзенінің су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметінің тәртібі белгіленсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|