Ұзынкөл ауданы Киевский және Куйбышевский селолық округтері аумағындағы туристік кешендер
Осы редакция 2014 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесінің бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ұзынкөл ауданы Киевский және Куйбышевский селолық округтері аумағындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін. Жобада су қорғау аймақтарының ені және ұзындығы бөлінген: № 1 телімде: ені 500 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 5,0 гектарды құрайды. № 2 телімде: ені 500 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 4,8 гектарды құрайды. Жобада су қорғау белдеулерінің ені және ұзындығы бөлінген: № 1 телімде: ені 60 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы ауданы 0,6 гектарды құрайды. № 2 телімде: ені 60-70 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы ауданы 0,58 гектарды құрайды. Су қорғау аймағы мен белдеудің шекарасы топографиялық жоспарда 1:2000 масштабында салынған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|