ҚР Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 133 бұйрығына 2-қосымша
«Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті (бұдан әрі - қызмет беруші), оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызмет түріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-әрекеттер) бастауға негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 162 қаулысымен бекітілген «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттарды беру болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|