Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Р. Иманбет 2014 жылғы « 15 » 04 Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы М. Мұздыбаев 2014 жылғы « 14 » 04 Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ғ. Сүлейменов 2014 жылғы « 14 » 04
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 105 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер
1. «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының сыртқы шекарасының бойымен күзет аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 453 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 1804, 2004 жылғы 5 маусымдағы № 55 (15419) «Дидар», 2004 жылғы 3 маусымдағы № 83 (18718) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған): кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|