ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушілердің кеңселері жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары бекіткен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады; 2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды; 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды. 4) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) кезде қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет (телнұсқаны алу) жануарларға жаңа жеке нөмір бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Ірі қара малдағы сырғалардың бірі жоғалған немесе бүлінген кезде жануардың иесі сырғаның телнұсқасын беру туралы өтініммен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына жүгінеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|