«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 34/01 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына және 2014 жылғы 5 наурыздағы № 183 «Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулыларына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» № 66/13 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2168 болып тіркелген, 2013 жылдың 23 ақпандағы № 22-23 «Индустриальная Караганда», 2013 жылдың 23 ақпандағы № 29-30 «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2014 жыл 28 мамырдағы № 25/11 қаулысымен бекітілген
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|