«43988 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "43988 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. 2. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мекеменің Жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасында (құпия). 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|