Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 390-1465 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 12-889 қаулысына 3-қосымша
жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Осы Регламент Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген. 2. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, № 33, № 108 бөлме мекенжайында орналасқан «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, байланыс телефоны: 8 (7172) 55-74-53. 3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы келісім-хат не мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздерге әйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтен көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|