Кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша үмітсіз берешекті кешіру қағидаларын және негіздерін бекіту туралы
2-тармаққа сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша үмітсіз берешекті кешіру қағидалары және негіздері бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Б. Сұлтанов 2014 жылғы 27 мамыр
Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 78 қаулысымен бекітілді
Кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша үмітсіз берешекті кешіру қағидалары және негіздері
1. Осы Кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша үмітсіз берешекті кешіру қағидалары және негіздері (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 90-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банк) кредит (қарыз) және оның сыйақысы бойынша үмітсіз берешекті кешіру негіздерін және тәртібін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|