ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығына 1-қосымша
мемлекеттік қызмет регламенті
1. «Бухгалтерлерді кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық және (немесе) қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), куәлікті қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық
4. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысымен бекітілген «Бухгалтерлерді кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер) мазмұны: 1) электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау, басшылыққа бөлу үшін беру - жиырма минуттан кем емес; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|