Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 13 ҚОСЫМША
хаттама
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ХII бөліміне сәйкес әзірленген және мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында келісілген саясатты жүргізу қағидаттарын және оның негізгі бағыттарын анықтайды. 2. Осы Хаттамада қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді: «мүше мемлекеттің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасы» - мүше мемлекетте әрекет ететін және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы; «дайындаушы» - меншік нысанына (түріне) қарамастан ұйым, сондай-ақ тұтынушыларға өткізу үшін тауарлар шығаратын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға; «орындаушы» - меншік нысанына (түріне) қарамастан ұйым, сондай-ақ жұмыстар орындайтын немесе тұтынушыларға қызмет көрсететін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға; «жосықсыз шаруашылық жүргізуші субъектілер» - өз қызметінде егер бұл бұзушылықтар тұтынушыларға және (немесе) қоршаған ортаға мүліктік немесе мүліктік емес нұқсан келтіруі мүмкін болса немесе келтірсе, мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын, іскерлік айналым дәстүрлерін бұзушылықтарға жол берген сатушылар, дайындаушылар, орындаушылар; «тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері» - тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында құрылған мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тіркелген азаматтар және (немесе) заңды тұлғалардың коммерциялық емес бірлестіктері (ұйымдары), сондай-ақ барлық немесе бірнеше мүше мемлекеттердің аумақтарында әрекет ететін халықаралық үкіметтік емес ұйымдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|