Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 ҚОСЫМША
Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттама (2024.25.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
І. Жалпы ережелер
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) XVIII бөліміне сәйкес әзірленген және оның қолданылу ерекшеліктерін, екі және одан көп мүше мемлекеттердің аумағындағы трансшекаралық нарықтарда (бұдан әрі - трансшекаралық нарық), бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын Комиссияның мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимылын қоса алғанда, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін, бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы қағидаттарын айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеуді енгізу және мүше мемлекеттердің оны енгізу туралы шешімдерін даулау тәртібін айқындайды. 2019 ж. 1 қазандағы Хаттамамен (2021 ж. 15 шілдеден бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2022 ж. 31 наурыздағы Хаттамамен (2024 ж. 12 ақпанда күшіне енді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Шартта пайдаланатын, сондай-ақ Шарттың XVIII бөлімінің мақсаттары үшін келесі терминдер мынаны білдіреді: 1) «сатылас келісім» - бірі тауарды сатып алатын немесе оның ықтимал сатып алушысы болып табылатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның ықтимал сатушысы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасындағы келісім; 2) «өзара алмастыратын тауарлар» - өзінің функционалдық арналымы, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы және басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын, осылайша сатып алушы тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) бір тауарды екіншісімен шынайы алмастыратын немесе алмастыруға дайын болатын тауарлар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|