Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 26 ҚОСЫМША
Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғау туралы хаттама
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XVIIІ бөліміне сәйкес әзірленген және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғау саласындағы қатынастарды реттейді. 2. Зияткерлік меншік объектілері деп - ғылым, әдебиет және өнер туындылары, электрондық есептегіш машиналарға арналған бағдарламалар (компьютерлік бағдарламалар), фонограммалар, орындаулар, тауар белгілері және қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқаулықтар, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары, өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, интегралды микросхемалар топологиясы, өндірістің құпиялары (ноу-хау), сондай-ақ халықаралық шарттарға, Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құқықтық қорғау берілетін басқа да зияткерлік меншік объектілері түсініледі.
II. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар
3. Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Туынды авторына, атап айтқанда мынадай құқықтар тиесілі: 1) туындыға айрықша құқық; 2) авторлық құқық; 3) есім құқығы; 4) туындыға қолсұғылмаушылық құқығы; 5) туындыны жариялау құқығы; 6) мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленгеннен өзге де құқықтар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|