Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы (2025.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2015.09.12. № 636 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2025.09.06. № 289 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысаны; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес банкроттықты басқарушының қорытынды есебінің нысаны бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|