Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 203-құжат; 2012 ж., № 40, 520-құжат; № 77-78, 1133-құжат; 2013 ж,. № 38, 547-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында: «Кіріспе» деген 1-бөлімнің екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тәсілдерін айқындау міндеті осы тұрғыдан қойылған, олар әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде өзінің пәрменділігін көрсеткен, жүргізіліп жатқан жинақтау саясатының қисынды жалғасы болады.»; «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртібі» деген 4-бөлімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ұлттық қордың қаражатын пайдалану Қаражатты пайдаланудың жаңа тәсіліне сәйкес 2011 жылдан бастап абсолютті мәні 8 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке тіркеу оның жаңалығы болып табылады. Бұл ретте республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің тіркелген мөлшері экономикадағы жағдайға байланысты 15%-ға дейін азайту немесе ұлғайту жағына түзетілуі мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|