ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 416 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 282 бұйрығына 5-қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтар өткізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - мемлекеттік сараптау ұйымы), «Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақлау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) кеңсе арқылы немесе «Е-лицензиялау»: www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) веб-порталы арқылы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз нұсқада. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтар өткізуге көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат беру құжаты). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|