«Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 199-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи уран концентратына (U3O8) баға белгілеу қағидасы (әдістемесі) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 791 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысымен бекітілген
Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі - Қағидалар) табиғи уран концентратын сатып алуға-сатуға арналған келісімшарттарға сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар: 1) ұзақ мерзімді келісімшарт - қолданылу мерзімі үш және одан да көп жылға табиғи уран концентратын сатып алуға-сатуға жасалған келісімшарт. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|