«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулығы» есебін бекіту туралы
ҚР Бас Прокурорының 2014 жылғы 18 қарашадағы № 141 бұйрығымен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Прокурорлық нысандағы есептілікті жетілдіру мен автоматтандыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» осы бұйрыққа қоса берілген 1 қосымшасына сәйкес есебі; 2) осы бұйрыққа қоса берілген 2 қосымшасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» есебін құру мен қалыптастыру бойынша Нұсқаулығы. 2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуын прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» статистикалық есебін және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 25 қарашадағы № 66 бұйрығы күші жойылды деп танылсын. 3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты орындау үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне, Бас Әскери прокурорына, Бас көлік прокурорына, Астана, Алматы қалаларының прокурорларына, облыс прокурорларына, Комитеттің аумақтық органдарына жолдасын. 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Бас Прокурорының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|