Беларусь Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн Беларусь Республикасы азаматтарының еңбек қызметi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы
ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1503 Қаулысын қараңыз
Осы келісімнің ҚР Үкіметінің қатысушы болмау ниеті туралы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 680 Қаулысын қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Белорусь Республикасының Үкіметі, бұдан әрі Тараптар деп аталады, екі мемлекеттің аумағында азаматтардың еңбек қызметі мен оларды әлеуметтік қорғау саласында Тараптар арасындағы ынтымақтасты жан-жақты дамытуға ұмтыла отырып, мынаған келісті:
Осы Келісімнің күші мемлекеттердің бірінің азаматтары болып табылатын немесе оның аумағында тұрақты мекен-жайы бар (бұдан әрі кететін Мемлекет деп аталады) және өзінің еңбек қызметін белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттің (бұдан әрі жұмысқа орналасатын Мемлекет деп аталады) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда (бұдан әрі жұмыс берушілер деп аталады) адамдардың және олардың отбасыларының өздерінің еңбек қызметін жүзеге асырушы адамдарға (бұдан әрі қызметкерлер деп аталады) қолданылады. Бұл Келісім босқындарға, білім алу мақсатымен арнайы келген адамдарға, қысқа мерзімге кететін еркін кәсіп адамдарына қолданылады.
Мыналар осы Келісімді іске асыруда Тараптардың өкілдігін білдіретін уәкілетті органдар (бұдан әрі Уәкілетті Органдар) болып табылады: Қазақ Тарапынан - Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі, Беларусь Тарапынан - Беларусь Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Уәкілетті Органдардың осы Келісімнен туындайтын мәселелерді шешу үшін құзырлы органдарды тарту құқығы бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|