Жоба ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Қабылданды - ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 719 Қаулысымен ҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң құқықтық актілерді әзірлеумен, ұсынумен, талқылаумен, қабылдаумен, тіркеумен, қолданысқа енгізумен, өзгертумен, толықтырумен, қолданысын тоқтатумен, тоқтата тұрумен және жариялаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Құқықтық актілер туралы негізгі ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) құқықтық акт - республикалық референдумда, жергілікті қоғамдастықтың жиынында, жиналысында қабылданған, уәкілетті органдар қабылдаған, нормативтік немесе жеке дара билік етуші құқықтық нұсқамаларды қамтитын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат; 2) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі қағидаттар мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт; 3) заң техникасы - құқықтық актілерді ресімдеу талаптарының жиынтығы; 4) заңнамалық акт - Конституцияға, конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің қаулылары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|