Эксперимент тәртібінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында мейірбике ісін жетілдіру және одан әрі дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту бойынша 2013-2016 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 190-ө өкімінің 25, 27-тармақтарына, «Қазақстанның 30 дамыған мемлекеттің қатарына енуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 752 қаулысының 8-тармағына сәйкес, Дүниежүзілік Банктің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік медицина колледждерінің базасында эксперимент тәртібінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы енгізілсін (бұдан әрі - қолданбалы бакалавриат бағдарламасы): 1) «Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын; 2) Астана қаласының ДСБ «Медициналық колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша); 3) «Көкшетау медицина колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша); 4) «Павлодар медицина колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша); 5) «Қызылорда медицина колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша); 6) «Батыс Қазақстан медицина колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|