Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Құрама Корольдігінің Кәсіпкерлік, инновация және кәсіптік білім министрлігі арасындағы Қазақстанға арналған «Ньютон-Әл-Фараби» әріптестік бағдарламасы мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 311 бұйрығымен мақұлданды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі атынан Ғылым комитеті мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның Құрама Корольдігінің Кәсіпкерлік, инновация, кәсіптік білім беру министрлігі (мәтін бойынша бұдан әрі - Қатысушылар) қазіргі достық қарым-қатынастармен екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға ұмтыла отырып, атап айтқанда, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі саласында Қазақстан әлеуетін әрі қарай дамытуға жәрдемдесу мақсатында төмендегі келісімдерге қол жеткізді:
Осы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ынтымақтастықтың негізгі мақсаты екі ел арасындағы өзара тиімді, ұзақ мерзімді және тұрақты ғылыми-техникалық, инновациялық ынтымақтастықты дамытуда жәрдемдесу болып табылады. Бұл мақсатқа мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, компаниялар мен кәсіпорындар арасында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және күшейту арқылы қол жеткізіледі. Қатысушылар арасындағы ынтымақтастық «Ньютон - Әл-Фараби» Әріптестік бағдарламасы (Әріптестік бағдарламасы) шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Әріптестік бағдарламасы зерттеулер мен инновациялар, ұзақ мерзімді, тұрақты әріптестік қызметті қолдау саласындағы ынтымақтастықты ынталандыру үшін маңызды негіз құрайды және Қазақстан экономикасының өсуіне және оның адами капиталының дамуына ықпал етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|