ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 668 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 33/НҚ бұйрығына 2-қосымша
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), куәліктің телнұсқасы, не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|