Осы редакция 2014 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 13 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті туралы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті (бұдан әрі - ӨҚД) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) дербес жедел-тергеу құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. ӨҚД өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. ӨҚД-ның құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Талдау жұмысы және ішкі бақылау басқармасынан; 3) Жедел жұмысты ұйымдастыру басқармасынан; 4) Қызметтік тексеру және тергеу басқармасынан; 5) Тергеу және жедел ден қою тобынан; 6) ӨҚД өкілдер тобынан тұрады. 5. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД, КІІД) өзіндік қауіпсіздік бөліністері дербес өзіндік қауіпсіздік басқармалары ретінде (бұдан әрі - ӨҚБ) ІІД-нің, КІІД-нің құрылымына кіреді және ӨҚД-ға тігінен бағынады және есеп береді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі - ҚАЖД) және мекемелерінің өзіндік қауіпсіздік бөліністері дербес өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету топтары болып табылады және ІІД, КІІД ӨҚБ-ға тігінен бағынады және есеп береді. 6. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖК) өзіндік қауіпсіздік бөлінісі дербес өзіндік қауіпсіздік басқармасы ретінде ҚАЖК-нің құрылымына кіреді және ӨҚД-ға тігінен бағынады және есеп береді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|