ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 2016 жылғы 8 ақпандағы № 161 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 111 бұйрығына 1-қосымша
«Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесінен көшірме беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 192 қаулысымен бекітілген «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесінен көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесінен көшірме беру болып табылады (бұдан әрі - Көшірме). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастаудың негізі Стандартта бекітілген нысаны бойынша мемлекеттік қызметті алушының өтініші болып табылады 5. Әр бір рәсімдердің (іс-әрекеттердің) мазмұны мемлекеттік қызметті көрсету іс-әрекеті құрамына кіретін орындалу ұзақтығы: 1-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш беріледі, тіркелген нөмірі мен күні қойылып тіркеледі, содан соң көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 1 сағат ішінде жіберіледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|