«Аймар Insulation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кірме жолдары қызметіне тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1157 Қаулысымен бекітілген Қуаттылығы ақ табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесінің 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. 2014 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енуімен «Аймар Insulation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолдарын беру бойынша қызметіне: 1) тариф - 4112,04 теңге/вагон-км ҚҚС-сыз мөлшерінде; 2) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес тарифтік смета бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің табиғи монополиялар және бағаларды реттеу бөлімі (Ш. Айтхожина) осы бұйрықты «Аймар Insulation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің назарына жеткізсін. 3. «Аймар Insulation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа тарифтің бекітілгені туралы ақпаратты, оны қолданысқа енгізгенге дейін кемінде үш күннен кешіктірмей тұтынушылардың назарына жеткізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|