Жамбыл облысы әкімдігінің 2015.03.06. № 124 Қаулысымен күші жойылды
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 175 қаулысымен бекiтiлген
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Жамбыл облысы аудандары мен Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3.Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме болып көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініш пен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі - құжаттар) көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алуы табылады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау, талдау, тіркеу - өтініш түскен күні; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|