«Азот өнімдерін өндірудегі аппаратшылар» кәсіби стандартын бекіту туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 308 бұйрығымен күші жойылды
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріп отырған «Азот өнімдерін өндірудегі аппаратшылар» кәсіби стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова 2014 жылғы 26 наурыз
Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 желтоқсанда № 450 бұйрығымен бекітілген
«Азот өнімдері өндіру аппаратшылары» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Азот өнімдерін өндіру аппаратшылары» кәсіби стандарты біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және шарттарына қойылатын талаптарды айқындайды және: 1) кәсіби қызметтің мазмұнына, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|