Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы (2025.21.04. берілген өзгерістермен)
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 03/76, 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 03/91 ұсынымдары негізінде, карантин нысандары - жатаған (қызғылт) укекіренің (аcroptilon repens (D.C.), арамсояудың (сuscuta sp. Sp), алтын түсті картоп жұмырқұртының (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St) анықталған таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында жатаған (қызғылт) укекіремен (аcroptilon repens (D.C.), арамсояумен (сuscuta sp. Sp), алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (А.Ш. Жакупбаев) заңнамада белгіленген құзыреті шеңберінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025.15.04. № 88 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Алтай, Самар, Үлкен Нарын, Глубокое, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарының, Өскемен қаласының әкімдері, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|