Дін немесе наным-сенім негізіндегі шыдамсыздықтар мен кемсітушіліктердің барлық түрлерін жою туралы
Бас Ассамблея, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының негізгі принциптерінің біріне сәйкес, әрбір адам абырой мен теңдік қасиеттеріне ие екенін және барлық мүше мемлекеттер нәсілі, жынысы, тілі немесе дініне қарамастан, барлық адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпыға ортақ құрметі мен сақталуына көмектесу және мадақтау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықта бірлескен және өз бетінше іс-әрекеттер жасауға міндеттелгенін ескере отырып, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында және Адам құқықтары туралы Халықаралық пактілерде заң алдындағы кемсітушілікке жол бермеу және теңдік принциптері, сонымен қатар ой, ұят, дін немесе намым-сенім бостандығының құқықтары жария етілгенін назарға алып, адам құқықтарын, соның ішінде ой, ұят, кез келген сипаттағы дін немесе наным-сенім құқықтарын елемеу және бұзу соғыстар мен адамзаттың ауыр қасіреттерінің, әсіресе олар өзге мемлекеттердің ішкі мәселелеріне шетелдердің араласуының құралы және халықтар мен мемлекеттер арасындағы жеккөрініске әкелетін, тікелей немесе жанама түрдегі себеп болып табылатынын назарға алып, дін немесе наным-сенімді ұстанатын әрбір адам үшін ол өз өмірінің мәні деп түсінетін негізгі элементтерінің бірі болып табылатынын және дін немесе наным-сенім бостандығын толық сақтап, оған кепіл беруді ескере отырып, дін немесе наным-сенім бостандығы мәселесіндегі түсіністік, шыдамдылық және құрметтеуге жәрдемдесуді, дін немесе наным-сенімді Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарлығына, өзге тиісті құжаттарына және осы Декларацияның мақсаттары мен принциптеріне сәйкес келмейтін мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге тырысуды маңызды деп санай отырып, дін немесе наным-сенім бостандығы жаппай бейбітшілік, әлеуметтік әділеттілік және халықтар арасындағы достық мақсаттарына жету үшін, сонымен қатар отаршылдық пен нәсілдік кемсітушіліктің идеологиялары мен тәжірибелерін жоюға жәрдемдесуі керектігіне көзін жеткізіп, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|