Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015.21.05. № 160 Қаулысымен күші жойылды Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 234 қаулысымен бекітілді
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі мемлекеттік қызмет) психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру мемлекеттік қызметін көрсетудің нәтижесі жазбаша қорытынды болып табылады. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беру мемлекеттік қызметінің нәтижесі жазбаша ұсыным болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының телефон және/немесе тікелей жүгіну арқылы алдын ала жазылуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша әрекетті бастау үшін негіздеме болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекетінің) мазмұны және оның нәтижесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған кезінен бастап 15 минут аралығында қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|