Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы
Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға ҚР 1998 жылғы 29 маусымдағы № 248-1 Заңымен қосылды, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы да ратификацияланды (2000 жылғы 6 қыркүйек, Нью-Йорк қаласы)
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы адамның негізгі құқықтарына, адамның жеке тұлғасының қадыр-қасиеті мен құндылықтарына және ерлер мен әйелдердің тең құқықтылығына сенімді қайтадан нығайтқанын ескере отырып, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы кемсітуге жол бермеу принципін растайтынын және онда жарияланған барлық адамдардың өз қадыр-қасиеттері мен құқықтарында еркін және тең туылатынын, әрбір адамның онда жарияланған барлық құқықтарына және барлық бостандықтарына ешқандай айырмасыз, соның ішінде жынысына қатысты айырмасыз ие болуға тиіс екенін жариялайтынын ескере отырып, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактілерге қатысушы мемлекеттерге ерлер мен әйелдер үшін барлық экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және саяси құқықтарын пайдалануды қамтамасыз ету жүктелетінін ескере отырып, ерлер мен әйелдердің тең құқықтылығына жәрдемдесу мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен мамандандырылған мекемелер аясында жасалған халықаралық конвенцияларды назарға ала отырып, ерлер мен әйелдердің тең құқықтылығына жәрдемдесу мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен мамандандырылған мекемелер қабылдаған қарарларды, декларацияларды және ұсынымдарды ескере отырып, алайда, осы әртүрлі құжаттарға қарамастан, бұрынғысынша әйелдерге қатысты едәуір кемсітулердің орын алып отырғанына алаңдай отырып, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|