Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 және 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 5 тамызда және 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 274-құжат): 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптары.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесінде: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. АҚҚ аттестаттау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі.»; 6-тармақтағы: 1) тармақша алынып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік береді.»; 8-тармақта: бірінші абзацтағы «заңнамада белгіленген тәртіппен» деген сөздер «заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақша алынып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарын және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады.»; көрсетілген қаулымен бекітілген іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметтеріне және құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына мынадай біліктілік талаптары қойылады»; 2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 251-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті туралы ережеде: 11-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|