Ақмола облысындағы «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын көшіру» жобасының екінші кезеңі объектілерінің құрылысын тоқтату және консервациялау мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
«Ақмола облысындағы «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын көшіру» жобасының (бұдан әрі - Объект) екінші кезеңі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының тоқтатылуына байланысты, 1.03-00-2011 «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар және құрылыстар құрылысын ұйымдастыру» Қазақстан Республикасы Құрылыс нормаларының 6.7.2-тармағына сәйкес және Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № а-7/423 қаулысының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Объектінің құрылысын тоқтату және консервациялау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын. 2. Комиссия 2014 жылғы 30 тамызға дейінгі мерзімде Объектінің құрылысын тоқтату және консервациялау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығына ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары Тимур Мифтахұлы Жантикинге Объектінің құрылысын тоқтату және консервациялау мәселелері бойынша Комиссия құрамында Тапсырыс берушінің - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мүддесін білдіруге уәкілеттік берілсін. 4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|