ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 298 бұйрығына
8-қосымша
«Дара кәсіпкерлерге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар, қалалардағы аудандар және қалалар, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтары бойынша салық басқармалары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары (бұдан әрі - ҚӨО), «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Патентті салық органының ақпараттық жүйенде қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің рәсімінің (іс-қимылының) басталуының негіздемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген, «Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағындакөрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызмет алушының ұсынуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
1) құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды- 1 минут;
патент құны есебінде (бұдан әрі - есеп) көрсетілген деректермен, жеке басын куәландыратын құжаттағы деректерді салыстырады - 2 минут, сондай-ақ: